🌿Бүгін - Көрісу күні! Бұл мереке - ағайын-туыстың бір-біріне сәлемдесіп, жүздесетін, өткенді еске алып, жақсы тілектерді білдіретін ерекше күн. Көрісу күні қазақ халқында көптен бері дәстүрге айналған, адамның жүрегіне жылылық сыйлайтын, көңілге қуаныш ұялататын мереке.
🌿Көрісу күні - кешегі өткенімізді ұмытпай, бүгінгі күннің қадірін біліп, болашаққа деген үмітімізді жаңартып, достарымызға, жақындарымызға деген құрметімізді білдіретін тамаша мүмкіндік. Осы мақсатта мектебімізде жайма-шуақ керемет мерекені таңертеңнен бастап тойлап,тамаша көрініс орын алды.
Бұл күнді-біздің жақта Амал дейді
Амалға аман жетсін, адам, дейді.
Өкпе-назды кешіріп, қол алысып
Берекеге бастайтын қадам дейді.
🌿Жаңа жылымыз жарылқасын…