Ақжар ауданының ең бір көне білім ордаларының бірі – 1964 жылы қабырғасы қаланған Ленинград орта мектебі. Бірнеше жылдар бойы мектеп өзінің ерекше ғұмырын кешті, өз тарихын жазып, өзінің ескі дәстүрлерін ұқыпты сақтай отырып, жаңа дәстүрлерін құрастырды.
Жаңа мектеп тар болса да, бөлмелері жылы және жайлы болды , сабақтар екі ауысымда өткізіліп жүрді, өйткені мектеп ғимараты 500 оқушыларға арналған болатын, бірақ онда 1009 оқушы оқып жүрді. 1977-1978 оқу жылында жаңа сегізжылдық мектеп салынған болатын, соған 446 оқушы ауыстырылды.
Осы жылдар ішінде мектепті туған мектебіне күш-қуатын, ақыл-ойын, жігерін, махаббатын берген ғажайып адамдар басқарды.Осы тұлғалар мектептің даңқты тарихын жасаған, №1 Ленинград орта мектебінің директорлары : Култынова Н.Ф., Омаров Т.З., Малиновская А.А., Наскрипняк Л.С.,Адильжанов Т.Б., Отельбеков Н.Ш., Махметов О.Ш., Малтазин А.З., Сапарова Г.М.
Олармен бірге мұғалімдердің қиын еңбегіне өздерінің бар күш-жігерін аямай, ерен еңбек еткен ұстаздар қызмет жасады.
-Тищенко Надежда Яковлевна – бастауыш сыныптар мұғалімі, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған;
- Романко Ольга Филипповна – бастауыш сыныптар мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған;
-Бергер Александр Александрович – техникалық еңбек мұғалімі, «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған;
- Зубова Евдокия Ильинична- «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған;
- Сыздықова Шайда Кәкиқызы- «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды;
-Айзетуллина Р.С. -« Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі »белгісімен марапатталған;
- Гаркуша Т.Д.- тарих пәнінің мұғалімі, «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған ;
-Якусевич М.М.- «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен және «КСРО ағарту ісінің үздігі» белгілерімен марапатталған;
- Лучицкая Е.Н. - физика мұғалімі, «Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған;
-Исенова Т.Т.- қазақ тілі мұғалімі, «Халықтар Достығы Белгісімен» марапатталған ;
- Жүнісова Р.Т. -математика пәнінің мұғалімі,«Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған;
1964 жылы мектеп 55 түлек шығарылымын шығарды.
1964-2018 жылдар аралығындағы №1 Лениград орта мектебі түлектерінің арасында техникалы және географиялық ғылымдар кандидаттары, партиялық және атқару органдарының басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары,өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылары, орта техникалық және жоғары оқу орындарының оқытушылары,білім беру ұйымдарының директорлары мен орынбасарлары, «Халыққа білім беру ісінің үздіктері» атанған ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, даңқты спортшылар:шеберлер, спорт шеберлігіне кандидаттар, облыс, республика жеңімпаздары, алтын және күміс медаль иегерлері бар.
1964-1993 жылдар аралығында 10 түлек «Алтын белгі» иегері атанса, 7 түлек «Күміс алқа» иегері атанды. Мектебіміздің дәстүрін жалғастыра отырып, бүгінде мақтан ететін дүниеміз бар деп сеніммен айта аламыз, соңғы 10 жылда 5 «Алтын белгі» иегері мектебіміздің Алтын қорын толықтырып, 5 түлек арнайы аттестатқа ие болды.
Біз спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз, соның ішінде:
-Юрченко Татьяна – жеңіл атлетикадан спорт шебері, жастар арасындағы Азия ойындарының чемпионы;
-Қалиев Жаслан – ауыр атлетикадан Азия ойындарының қола жүлдегері;
- Кондрат Регина - жеңіл атлетикадан спорт шебері;
-Абдрахманов Фархат-халықаралық марафонның чемпионы;
-Нағишкен Индира – ауыр атлетикадан спорт шебері.
Өз ісіне адал емес ұстаз болмайды, жанының жомарттығы, еңбекке деген сүйіспеншілік пен шынайы қызығушылық, бар күш-қуаты мен білімін беруге дайын болу – №1Ленинград орта мектебінде қызмет ететін ұстаздардың жеке қасиеттері осы.


















Бүгінгі таңда мектебімізде 30 педагог қызмет атқарады, оның ішінде:
- Охрименко Н.М., Сапарова Г.М. «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған;
-Кондрусова С.В., Малтазин А.З., Кузнецова А.В., Абдрахманов С.К. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Ұзақ жылғы шығармашылық еңбектері үшін ұстаздарымыз облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен, білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мектебіміз облыстық көркемөнерпаздар байқауында бірнеше рет Гран-при иегері атанды.
Оқушылар мен ұстаздар қауымы мектеп тарихын жалғастыруға лайықты деген сенімдеміз.