
18 наурыз - Ұлттық киім күні.

Ұлттық киім - қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек.

Қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен, ерекшелігімен ғасырлар бойы тамсандырып келеді.

”Ұлттық киім” күнінің мақсаты — қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы қазақтың киім кию үлгісін заманауи жаңғырту.