13 ақпан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған «Ауғаныстан - жүректегі жара» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты:
1)Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу.
2)Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды 3)Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу.
4)Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Ауған соғысы – жүректе жазылмайтын, тарихта орын алатын ерекше беттер. Отан үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды мәңгі есте сақтап құрметтеу, кейінгі ұрпаққа ерліктерін дәріптеп, насихаттау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесе берейік!