«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» тақырыбындағы айлық жоспарға сәйкес «Лудомания-ғасыр дерті»тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Бабаларымыз: «Ойынға ойсыз құмар», – деп текке айтпаса керек. Өткенімізге үңілсек, құмар ойын деген атау қазақ ұғымында болған емес. Бұл – бүгінгі қоғам дерті.Көбінесе бәрі зиянсыз басталады және ойын-сауыққа ұқсайды : әртүрлі бәстігулер, заңсыз ойындар, карталар. Бірақ мұндай ойын-сауықтың салдары қайғылы болуы мүмкін. Адам уақытында тоқтай алмайды, сондықтан оны өз бетімен жеңу мүмкін емес.
Лудомания сөзбе-сөз аударғанда «ақылсыздыққа дейін ойнау» деп те аталады.Құмар ойынға патологиялық тәуелділік.
Сондықтан, біз оқушыларға бұл зиянды әдеттен бойларын аулақ ұстауын, қоғам болып күресудің маңыздылығын, қызықпау керек екенін түсіндіріп, ақпараттық, үгіт-насихаттық, тәрбиелеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырамыз.