⚜️ Ата-аналар мен ұстаздар арасында қарым-қатынас орнату, бірлесе жұмыс істей отырып, балалардың тәртібі мен оқуын қадағалап, олардың өмірде жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсатында мектебімізде «Отбасы және мектеп - бала тәрбиесіндегі серіктестер»тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған коучинг ұйымдастырылып, бірінші жартыжылдықтағы оқу-тәрбие жұмысы талданды.Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Ата-ана бақылауы» қосымшасын орнату жөнінде ақпарат берілді.
⚜️Біздің мақсатымыз: Ата-аналарды бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап көрсету, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын нығайту.