Алғыс айту күні — Қазақстанның барлық тұрғындарының бір-біріне құрмет білдіріп, рақмет айтатын күні.
Еліміз 2016 жылдың 1 наурызында алғаш рет бұл күнді тойлай бастады. Қазақстанның тұңғыш президентінің жарлығымен 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді.
Алғыс айту дәстүрін насихаттау, қайырымдылық жасау, шығармашылық қабілеттерді дамыту, қоғамдық қарым-қатынастарды нығайту және жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында Алғыс күніне орай "Қайырымдылық керуені" атты оқушылардың қатысуымен жәрмеңке өтті.