ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ
Ағымдағы айдың 28-і күні №1 Лениннград орта мектебінде «1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» орай эвакуациялық және сейсмикалық жаттығу өткізілді. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу жөніндегі барлық іс-шаралар төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер бойынша халықтың хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұл жаттығуға мектебіміздің қызметкерлері мен білім алушылары қатысты.Әскери жетекші төтенше жағдайдағы іс-қимылды оқушылар мен техникалық қызметшілерге түсіндіріп, төтенше жағдайда әрекет ету туралы нұсқаулықтар бойынша жұмыс жүргізді. Қазіргі уақытта, күн сайын әртүрлі табиғи және техногендік оқиғалар мен төтенше жағдайлардың туындау қаупі болған кезде, мұндай іс-шараларды өткізу өте өзекті. Бұл халықты белгілі бір қиын жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуге, күштер мен құралдарды қолдану жоспарларын және олардың тәжірибеде тиімділігін тексеруге мүмкіндік береді.