#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
📚📕 Бүгін мектебімізде «Шын жүректен кітап сыйла!» атты челленджі өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға ынталандыру және кітапты сыйға тарту арқылы білім мен мәдениеттің таралуына үлес қосу. Бұл челлендж арқылы оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, оқыған кітаптарын насихаттауды мақсат етеді. Ол сондай-ақ балалардың арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруды, ой-өрісін кеңейтуді және шығармашылық дамуды қолдауға бағытталған.