
Сынып сағатының мақсаты – интернетті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, киберқауіпсіздік негіздерін үйрету, интернеттегі қауіп-қатерлер туралы ескерту және олардан қорғану жолдарын көрсету.Оқушыларға интернетте жеке ақпаратты қорғау, зиянды сайттар мен кибербуллингтен сақтану, цифрлық сауаттылықты арттыру бағытында білім берілді. Сонымен қатар интернеттің оң және теріс жақтарын түсіндіру арқылы жауапкершілікпен пайдалануды насихаттады.